Бұрнағы күні «Достық» үйінде қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Ескен Елубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты облыстық байқауы өтті. Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға кітап оқырмандары, қала жұртшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ардагерлер қатысты.

 

Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты байқау екі кезеңді қамтыды. Байқауға кітапхананың белсенді және тұрақты оқырманы болып табылатын 7 мен 10 жасқа дейінгі және 10 мен 15 жас аралығындағы оқырмандар қатысты. «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын», «Ескен Елубаев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны», «Партрет галереясы», «Әдеби бәйге» атты төрт кезеңнен тұратын сайысқа жас білгірлер барын салды.

Байқаудың қортынды кезеңінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова бастаған қазылар алқасының шешімімен 7 мен 10 жасқа дейінгі қатысушылар арасында тараздық балғын Қайрат Нұрдәулет бас жүлдені, тағы бір тараздық талант Әли Ғаниұлы І-орынды, сарысулық Елдос Тыныштықпай ІІ-орынды, тараздық Нұрым Момын ІІІ-орынды иеленді. 10 мен 15 жастағы балалар арасында Т.Рысқұлов ауданына келген Нұргерім Нұрлан бас жүлдені иеленді, байзақтық балғын Жұлдызай Жанатбек, жамбылдық Ұлдана Шеңгелбай және меркілік бүлдіршін Ерхан Секен үздік үштіктің қатарынан табылды.

Жеңімпаздарға арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Ескен ақын ел есінде [Мәтін] / Ғұмыр-Дария.- 2017.- 8 маусым (№11).- 1 б