детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1006065
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
131
2487
7684
8471
23553
982433
1006065
Ваш IP: 54.81.58.140
Время на сервере: 29-03-2024 09:48:52

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
«Мен өлкемді зерттеймін!» І
І-ші жеткіншектер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2013 жылы қазан айында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІІ-ші жеткіншектер байқауын өткізеді. Байқау «Бір шаңырақ астында» тақырыбына арналады. Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет - ғұрпын, дәстүр - тарихын, тілін қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру, мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын нығайту.

Яғни өлкемізде тұрып жатқан ұлт өкілдері туралы (мысал: бір халықтың Қазақстанға келу тарихынан бастап, орналасқан жері, әдебиеті, мәдениеті т.б ) мәліметтер жинақтау.

 

  1. 1.       Жалпы ережелер

 

 Жалпы ережелер Тараз қаласы мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мен өлкемді зерттеймін» атты байқайдың «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбы бойынша байқаудың дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және байқаудың өткізілу тәртібін анықтайды.

 Байқау 25 қазан- Республика күніне орай ұйымдастырылып, өткізіледі.

 Байқаудың ұйымдастырушысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

 

  1. 2.       Байқаудың мақсаты мен міндеті:

 

-          Өлкеміздің тарихын, географиясын, мәдениетін оқып, игеруге балалар мен жасөспірімдердің

қызығушылығын арттыру;
       -      Балалардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
       -      Жастардың  жаңа технологияларға сауаттылығын арттыру;
       -      Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту;

-          Этносаралық толеранттық мінез-құлқын дамыту;

-          Өзге этностар мен діни конфессия өкілдеріне деген толеранттық қасиетін тәрбиелеу.

 


3. Байқаудың ережесі:


               Зерттеу жұмыстары 2012 жылдың 1 масымнан бастап 1 қазанға дейін (5 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданады. Жұмыстарды: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үйге, немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаcына жіберуге болады.

                Байқауға 13 пен 21 жас аралығындағы жас зерттеушілер қатыса алады.
               Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды.
               Зерттеу жұмыстарын қорғау 2012 жылдың мамыр айында  облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханада өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)

                Жұмысты қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады.

                Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.

 

  1. 3.       Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:

 

Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарды қамтуы тиіс:

Даму тарихы;

Ерекше адамдар өмірі;

Әдебиет;

Мәдениет;

Дәстүр;

Жұмыстар слайд-шоу, бейне-презентация, көрініс түрінде, А 4 форматындағы қағазда, шрифт 14 Times New Roman ұсынылады. Сайысқа PowerPoit, Makromedia flash, Windows Movie Maker және Microsoft Word т.б. программаларда орындалған жұмыстар қабылданады. Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.

 

 

  1. 4.       Байкау материалы келесі белгілер бойынша бағаланады:

 

- Мазмұнның байқау тақырыбына сай болуы;

- Ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі;

- Презентация дизайнының деңгейі;

- Тақырыптың жан-жақты ашылуы;

- Бірегейлігі мен ерекшелігі;

 

6. Байқауды қортындылау:

 

 Қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталады:

*  «Жұмыстың ең үздік презентациясы үшін»

*  «Ең жас зерттеуші»

*  «Ең үздік зертеуші»

Байқаудың қортындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.

Байқау қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттау қарастырылған.

Диплом мен грамоталар 2013 жылдың қазан айында табысталады.

Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстар кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар, сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде, www.Jobjk.kz cайтында жарияланады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үй, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, тел.факс: 8(7262)437506, 438748,458844, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта. 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру