детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 9 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021155
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
71
239
964
4859
10898
982512
1021155
Ваш IP: 3.133.141.6
Время на сервере: 19-04-2024 08:37:32

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас зерттеушілердің шығармашылық жобаларының «Мен өлкемді зерттеймін!» ІV жеткіншектер байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2015 жылы қараша айында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІV жеткіншектер байқауын өткізеді. Байқау «Экспо 2017ж - Тараз» тақырыбына арналады.

2017 жылы EXPO көрмесін өткізудің басты мақсаты Қазақстанда қайта қалпына келетін энергетиканың алдыңғы қатарлы технологияларын шоғырландыру болып табылады.

«Экспо 2017» арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттау: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсыну, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыру т.б.

Яғни, Жамбыл облысының инфоқұрылым құрылысының, ішкі туризмнің және өлкемізге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуды және экономикалық және әлеуметтік ресурстарының дамуы туралы мәліметтер жинақтау. Табиғаты әсем жерлерді туристтік орындарға айналдыру арқылы облысымызды таныту.

1. Жалпы ережелер

Жалпы ережелер Тараз қаласы мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мен өлкемді зерттеймін» атты байқаудың «Экспо 2017 ж - Тараз» тақырыбы бойынша байқаудың дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және байқаудың өткізілу тәртібін анықтайды.

Байқау қараша айында өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеті:
  • Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға насихаттау, Жамбыл облысының тарихына, мәдениетіне әдебиетімізге қатысты қосар үлестері;
  • Жас ұрпақтың Жамбыл облысының инфрақұрылым құрлысының, ішкі туризм ресурстарының дамуын қалай елестету;
  • Өлкеміздің тарихын, географиясын, мәдениетін оқып, игеруге балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтарын арттыру;
  • Шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіншілік беру;
  • Жастардың жаңа технологияларға деген сауаттылығын арттыру;
  • Тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
  • Туған өлкеге деген қадір-құрметін ояту, қалыптастыру;
  • Өлкені танып, біліуді жүйелі зерттеу нәтижесінде жүзеге асыру;
  • Зерттеу жұмыстарына қалыптастыру;
  • Зерттеуді жүргізуді мен шығармашылық істеніске баулу.

Зерттеу жұмыстары 2015 жылдың 1 маусымынан бастап 1 қарашаға дейін (5 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданады. Жұмыстарды: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, № 4 үйге, немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаcына жіберуге болады.

Байқауға 13 пен 17 жас (5-8 сын., 9-11 сын.) аралығындағы жас зерттеушілер қатыса алады. Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды. Зерттеу жұмыстарын қорғау 2015 жылдың қараша айында облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханада өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)

Жұмысты қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады.

Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.

3. Жұмыстардың мазмұны мен жабдықталуына қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтіні толық компьпютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру, барлығы 25-30 бет) сондай-ақ:

  • - бастапқы бет (титул);
  • - резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
  • - кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты;
  • - негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, шыққан қорытындылар және талқылау;
  • - әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;
  • - қорытынды ( нәтижелер мен ұсыныстар);
  • - пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

2) бастапқы (титул) бетте көрсетіледі:

  • - жұмыс жүзеге асырылған оқу орнының аты;
  • - жұмыстың тақырыбы;
  • - орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі (оқу орнының аты);
  • - жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
  • - жұмыстың орындалған уақыты.

Ғылыми жобаның жұмыс көлемі шектелмейді. Шрифт Times New Roman, 14. Жұмыстар слайд-шоу, бейне-презентация, көрініс түрінде ұсынылады. Сайысқа PowerPoit, Makromedia flash, Windows Movie Maker және т.б. бағдарламаларда орындалған жұмыстар қабылданады.

Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.

4. Байқауды қортындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

Байқаудағы жұмыстар мынадай ерекшеліктермен бағаланады:

  • - өзіндік даралық, жаңашылдық;
  • - шығармашылық ізденіс;
  • - мәселелердің тереңдеп талқылануы.
  • - ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі;
  • - презентация дизайнының деңгейі;
  • - тақырыптың жан-жақты ашылуы;

Қатысушылар қосымша мынадай номинациялармен марапатталуы мүмкін:

  • «Тақырыпты нақты ашқаны үшін»;
  • «Ең шығармашыл топ»;
  • «Ең жас зерттеуші»;
  • «Жұмыстың ең үздік презентациясы үшін».

Байқаудың қортындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.

Байқау қатысушыларына мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапаттау қарастырылған. Диплом мен грамоталар 2015 жылдың қараша айында табысталады.

Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстары кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар, сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады. Үздік зерттеу жұмыстары кітапша болып басылады және ОКЖ-нің www.jobjk .kz сайтына қойылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, № 4 үй, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, тел.факс: 8(7262)437506, 431831,458844, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта.

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру