Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының абонемент секторының кітапханашысы М.А. Расулованың ұйымдастыруымен № 42 орта мектепінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне байланысты «Тапқыр оқырман» атты білгірлер сайысы өткізілді.

Сайыс 5 кезең (Таныстыру, Сөз тапқанға, Ойлан,тап, Сен білесің бе?) бойынша өткізілді. Сайысқа қатысқан оқырмандар кітап туралы ойларын ортаға сала отырып, екі топта өз білімдерін көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша екі топта тең түсті. «Күш білімде-білім кітапта» атты кітап көрмесіне кітапханашы шолу жасады.