«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2015. Жыл кітабы таңдалды

 

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының отырысында жыл кітабы болып Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалды. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

Өмірбаяны

Ілияс Есенберлин (10.01.1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942-1947 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-1967 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Алғаш 1945 ж. Сұлтан, Айша дастандары жарық көрді. Есенберлиннің Айқас (1966), Қаһар (1969), Алмас қылыш (1971), Маңғыстау майданы, Аманат (1978) романдары, Алтын Орда трилогиясы (1982, 1983) жарияланды. 1986 ж. Көшпенділер трилогиясы үш «Ғашықтар» (1968), «Алтын құс» (1971), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), т. б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.

«Бір ел – бір кітап акциясы» - 2015

 

2015 жылғы жыл кітабы таңдалды. Баршаңызды І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын жаппай оқуға шақырамыз. Жыл кітабы - І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы «Бір ел - бір кітап» - 2015 акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс көрнекті жазушы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына берілді. Аталған шараларға ҰҒА академигі Ғарифолла Есім; жазушы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев; Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің басқарма бастысы Базарбай Алтаев; ақын, ҚР Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы; филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлы; «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Мониторинг және эфир қызметінің жетекшісі Әлімжан Исабай; аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы; «Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан; Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры Үмітхан Мұналбаева және кітапхана қызметкерлері қатысты. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, облыстық, аудандық және ауылдық кітапханалардағы, Астана қаласындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі, сондай-ақ елордадағы білім беру мекемелеріндегі дауыс беру қорытындысы бойынша 2015 жылғы таңдауға мынадай кітаптар ұсынылды: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы; Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» шығармалары; Қадыр Мырза-Әлидің шығармалары; Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі», «Бір атаның балалары», «Аласапыран» тарихи романы; Жұмекен Нәжімеденов «Ақ шағыл» «Даңқ пен дақпырт», «Кішкентай» шығармалары; Ғабит Мүсірепов «Қазақстан солдаты» романы; Тұманбай Молдағалиев «Жүректегі жазулар» өлеңдер жинағы; Абайдың өлеңдері; Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала» әңгімесі; Төлен Әбдік «Тұғыр мен ғұмыр» хикаяты, «Парасат майданы» повесі.