детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

0850762
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
11
67
245
954
1450
844064
850762
Ваш IP: 3.236.118.225
Время на сервере: 12-05-2021 05:10:54

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Д.А. Қонаев

Бір ел-бір кітап

Тілдерді ауыстырғыш

«Бір ел – бір кітап» акциясы – 2014.  Жыл кітабы таңдалды

Ұлттық академиялық кітапханада 2014 жылы ел болып оқитын кітапты таңдау үшін «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің төрайымы Фариза Оңғарсынова болатын. Отырысқа қатысушылар өмірден озғанына ай толмаған марқұм ақын, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованы бір минут үнсіздікпен еске алды.

Комитеттің жаңа төрағалығына академик Ғарифолла Есім тағайындалды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени мұралар басқармасының бастығы Базарбай Алтаев, облыстық әмбебап кітапханаларының басшылары және астаналық кітапханашылар қатысты.  

Академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен талқылауға ұйымдастыру комитетінің мүшелері  – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиев, жазушы, профессор Тұрсын Жұртбай, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы, жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы, «Қазақстан» ТРК төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры Әлібек Асқар, «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, ғалым Жарасбай Сүлейменов, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, ақын Амантай Шәріп, аудармашы-жазушы, Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Гүлжамерия Қазина, ақын Әнуар Омар қатысты. Комиссия құрамына Ұлттық академиялық кітапхана, Ұлттық кітапхана, Облыстық әмбебап кітапханалар, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мамандарының, «Жансусар» жас ақындар клубының мүшелері және оқырмандар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша алынған авторлар тізімі ұсынылды.

Талқылау барысында оқырмандардың ең көп дауысын жинаған Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның...», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты көркем туындылары дауысқа салынды. Жабық дауыс беру нәтижесінде Сайын Мұратбековтің «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды.

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген. Жазушы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, М. Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың және  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Биылғы жыл бойы еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде, сондай-ақ оқу орындарында, әскери бөлімдерде аталған кітап оқылып, халқымыз, жастар жазушы шығармаларымен кеңінен танысатын болады. Сондай-ақ Сайын Мұратбековтың шығармашылығына арналған әр түрлі іс-шаралар өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

Cайын Мұратбеков

 

(1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал аудандағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы[Мәскеу|Мәскеудегі] Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық,

облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазышы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, [2004 жыл]]ы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.

«Құрметті Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты лауреаты (2006).

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

umamisf hublot replica watches