Абонемент секторы
Сектор меңгерушісі:
Гоголева Ольга Ивановна
Тел: 8/7262/45-88-44
Жұмыс уақыты:9.00-18.00

Кітапханашы:
Жолбаева Набат Унербекқызы

Абонемент секторы - әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын кітапхана құрылымы. Кітаптарды өз бетімен алып қарауға рұқсат етілген, яғни оқырман өзіне қызықты деген немесе берілген тапсырмаға қатысты кітапты іздеп қолға алып қарауға, оқып таңдауына болады. Білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, анықтамалықтар, оқулықтар, көркем әдебиет оқырмандарға ұсынылады. Кітап қорының жалпы саны 30375 дана. Мемлекеттік тілдегі басылымдар 6459 дана. Кітап қоры оқырмандардың сұранымын толықтай қанағаттандыра алады. Табиғатты аялап қорғау мақсатында оқырмандарға « Экоград» клубы жұмыс істейді. Егер сіз өз біліміңізді толықтырып, жаңа қызықты кітаптармен танысып, оқығыңыз келсе, онда сізді біздің бөлімге шықырамыз.

Сектор қызметінде қазіргі күші бар заңдар, актілер, бұйрықтар, жарлықтар және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жарғысы, директордың бұйрықтары, жарлықтары, кітапхананың ішкі еңбек тәртіп ережелері басшылыққа алынады.