детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 54 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023212
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
499
182
984
2037
12955
982512
1023212
Ваш IP: 18.224.95.38
Время на сервере: 25-04-2024 23:43:00

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Біз ақпарат беттеріндеміз

Кітап оқып, миллионер атан!

 

Брифингке қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Гульфайруз Инкарбекова қатысты. Жүлде қоры 3 миллион теңге болатын байқауға «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескенедіров демеуші болып отыр. Байқаудың мақсаты – Тараз қаласының кітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, жастардың классикалық, қазіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, жастардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру. Әрдайым оң үрдістердің бастамашысы болып келе жатқан қалалық «Jambyl-Taraz» газетінің бұл идеясына қала әкімдігінің білім бөлімі мен Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірден қолдау көрсетті. Баспасөз брифингінде сайыстың ережелері кеңінен талқыланып, жастар үшін маңызды тұстары сөз болды.

– Бұл байқаудан үлкен нәтиже күтеміз. Бір есептен сайысқа белгіленген жүлде қоры оқушыларға үлкен мотивация болмақ. Осы арқылы біз өз өңірімізде кітап оқу үрдісін сәнге айналдыруды көздеп отырмыз. Оқушыларға 100 кітаптың тізімі ұсынылып, олар кем дегенде 20 кітаптан оқып шықса байқаудың арқасында танымдары кеңейіп, мол мағлұматтар алады. Бүгінгі оқушы – ертеңгі ұлт келешегі. Аздаған уақыттан соң үлкен өмірге аяқ басқалы жүрген жас буын өкілдері үшін бұл байқауда оқуға берілген кітаптар олардың жолдарына төгілген жарық сәуле болмақ. Кітаптың ғасырлар мен дәуірлер тізбегінде адамның ең сенімді серігі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ал «Jambyl – Taraz» газеті қала халқының сенімді үнпарағы ретінде бес ай бойы байқаудың жоғары деңгейде өтуін қадағалап, нәтижесін бұқарамен бөлісетін болады. Мамыр айының 22-сі күні барлығымыз ең көп кітап оқыған миллионер жеңімпаздың кім екенін бірге анықтаймыз, – деді Эльмира Иниятқызы.

Қала мектептеріндегі оқушыларға ұсынылған кітаптардың тізімін жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы бастаған ақылдастар алқасы жасады. Байқаудың алғашқы кезеңінде 5-7 сынып оқушылары 15 кітаптан, 8-11 сынып оқушылары 20-дан кем емес кітапты оқуы міндеттеледі. Екінші кезеңде әр мектептен іріктелген оқушылар (оқырмандар) қалалық байқауға қатысуға мүмкіндік алады.

Баспасөз брифингі барысында Қонаев атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Гульфайруз Инкарбекова аталмыш байқаудың ауқымына тоқталып, кітапхана оқырмандары үшін таптырмас мүмкіндік екенін алға тартты. Өз кезегінде қалалық білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева қала мектептерін байқауға қатысуға толық жұмылдыратынын жеткізді. Миллионер жеңімпаз 2019 жылғы мамырдың 22-сі күні белгілі болмақ. Ал ақиқатында, бұл байқауға қатысушылардың барлығы жеңімпаз саналады. Себебі, кітаптан ойға тоқыған дүниелер миллионнан да бағалы. Кітап оқып, таным көкжиегін кеңейткен жас бүкіл ғұмырына азық болар байлыққа кенеледі.

 

Жақсылық А. Кітап оқып, миллионер атан! [Мәтін] / А.Жақсылық // JAMBYL-TARAZ.- 2018. – 5 желтоқсан (№98).-5 б.

Comments

Қызыққа толы «Кітапхана түні»

 

Тараз қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана түні-2018» квест шоуы өтті.

 

Кітап оқуды дәріптеу арқылы оқырмандардың рухани байлығын арттырып, кітап кеңістігін кеңейту, талапты, талантты жастарды шығармашылық ізденіске ынталандыру, олардың бойында халықтық салт-сананы қалыптастыру, бос уақытты тиімді өткізуге үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қатысушылар «Күнді іздеген достар» ертегісін тамашалады, Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының шеберлік сыныбына қатысты және «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интелектуалды оынына сынға түсті.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар «Мейірім» мектеп интернатының мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізді.

 

Қызыққа толы «Кітапхана түні» [Мәтін] // АРстан.- 2018.-30 қараша (№47).- 6 б.

Comments

ӘЛЕМДІ КІТАП АРҚЫЛЫ ТАНИМЫН

балалар жазушысы Сұлтан Қалиевтың шығармалары насихатталды

 

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті акын Сұлтан Қалиев шығармаларын балалар тақырыбына арнаған ғажайып суреткер еді. Бірер ай бұрын дүниеден озған жерлесіміздің артында қалдырған мұрасы - шығармалары. Ол Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң мектепте мұғалім, Қазақ радиосының балалар, музыка редакциясының редакторы, аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, республикалық «Ұлан» газетінің ұзақ жыл бас редакторы қызметтерін абыройлы атқарып, жасөспірімдер шығармашылыгының адал сардары болды.

 

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен аталған кітапхананың мәжіліс залында «Әлемді кітап арқылы танимын» тақырыбында жасөспірімдер арасында Сұлтан Қалиев оқулары облыстық байқауы тұңғыш рет өткізілді. Шараны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысынын орынбасары Зүбайра Сембина сөз сөйлеп ашып, С.Қалиевтың шығармашылығы мен еңбек жолына тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Жиналғандар жақында өмірден озған Халық жазушысы Шерхан Мұртазаны, Сұлтан Қалиевты бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға арнайы келген қонақтар, С.Қалиевтың інісі Жарқынбек Айдар, қарындасы Тұрғанай Мейірманқұлова, нағашысы Кәрібай Есенаманов каламгердің адамгершілік, ізгі қасиеттері туралы естеліктер айтты.

«Сұлтан Қалиев оқулары» байқауы таныстыру, ақынның өлеңдерін жатқа оқу немесе сахналық қойылым көрсету, экраннан көрсетілген тарихи орындардың атауын табу, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұраққа жауап беру сынды кезеңдерден құралды. Байқауға Тараз қаласынан және аудандардан 7-10 жас аралығындағы, 10-15 жас аралығындағы 10 үміткер қатысты. Балалардың барлығы да жақсы дайындықпен келіпті. С.Қалиевтың өлеңдерін жатқа оқу сәттерінен сүрінбей өтті. Байқау барысында ақынның «Бәсіре», «Қоян неге қорқақ?», «Аққала», «Палау», «Солдат хаты», «Атай», «Сәлем саған мектебім» атты өлеңдері оқылды. Алайда кейбір қатысушылар тарихи жерлердің атауын жаңылмай айту, сұраққа жауап беру сындарында мүдіріп, «әттеген-ай» дегізді.

Қазылар алқасының шешімімен үлкен топта бірінші орынды жуалылық Меруерт Кари иеленсе, екінші жүлдені Жамбыл ауданының үміткері Махаббат Алипчеева мен байзақтық Венера Мырзақұлова өзара бөлісті. Жүлделі үшінші орын шулық Минура Сатыбалдиеваға бұйырды. Бұл жерде кұландық Құралай Тұғылшиева мен таластық Талшын Бестерек жүлдеге лайық өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Кіші топта таластық Бейбіт Алина жеңімпаз атанса, меркілік Диас Бақытжанға жүлделі екінші орын берілді. Сарысулық Мадина Мәжит, жамбылдық Инсан Разбай жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аталған кітапхана директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова мен ақын, қазылар алқасының төрағасы Бақытжан Әлімқұлов марапаттап, диплом және қаржылай сыйлық тапсырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалар әдебиетінің бағбаны Сұлтан Қалиев оқулары енді жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

 

Досалы Е. Әлемді кітап арқылы танимын [Мәтін]: балалар жазушысы Сұлтан Қалиевтың шығармалары насихатталды / Е.Досалы // Ақ жол.- 2018. – 16 қазан (№120).-5 б.

Comments

«Чемпион оқырмандармен кездесті»

 

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Елімнің мақтан тұтар тұлғасы» атты кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Лондонда өткен Олимпиада ойындарының және Әлемнің қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаров қатысты. іс-шара барысында жобаның мақсат, міндеттері айтылып, қоғамға қандай пайдасы бар? Халықтың рухани жаңғыруына қалай әсер етеді? деген сауалдарға тоқталып оқырмандарға кеңірек түсіндірілді. Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтар жайлы айтылды. «100 есім» жобасының жеңімпазы Ақжүрек Достықұлы спорттағы жетістіктерін, балалық шағын, бапкерін және шәкірттері жайлы айта отырып оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кітапхананың тұрақты оқырманы №53 орта мектеп гимназиясының оқушысы Сатымбек Сезім «Жаса Қазақстан», «Қасиетті домбыра» патриоттық әндерін шырқады. Оқырмандарға «100 жаңа есім» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Үлесі мол үздіктер» көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Інкарбекова іс-шараны қорытындылап, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жастарымызға жаңа жеңістерге жігерлендіретінін, оқырмандарға үлгі-өнеге болатын тұлғалар жайлы айта келіп, Ақжүрек Достықұлына алғысын айттты. Ақжүрек Таңатаров кітапхананың жас оқырмандарына және жас спортшыларға өзінің тарапынан сыйлықтар үлестірді.

 

Чемпион оқырмандармен кездесті [Мәтін] / «Жамбыл Спорты»-ақпарат// Жамбыл спорты.- 2018. – 03 шілде (№25).-3 б.

Comments

«Қаламгерді еске алды»

 

Халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесі мен Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп, «Болашақтан орнын тапқан ақын» деген тақырыппен Арғынбай Бекбосынды еске алу шарасын өткізді. Жиында өңірімізге белгілі зиялылар, ардагерлер әуелі А.Бекбосынның шығармаларына арналған кітап бұрышын тамашалады.

Мұнан соң жиынды Халықаралық Д.Қонаев қоры облыстық бөлімшесінің төрағасы Амангелді Кәрентаев сөз сөйлеп ашып, жұрт ардақтаған Арғынбайдың қаламгерлік, азаматтық болмысына тоқталды. Кейін облыстық «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы, жазушының шәкірті Жаңабай Миллионов «Қайраткер. Қаламгер. Азамат» тақырыбында баяндама жасады. Ж.Миллионов Арғынбай ағасымен қызметтес болған жылдардан естелік айтып, ұстазының бас редакторлық, басқарушылық, ұйымдастырушылық қырларына кеңінен тоқталды. Сол кезде облыстық бас газеттің таралымы 26 мыңнан 50 мың данаға көбейгендігі бас редактор А.Бекбосынның жан-жақты шеберлігі екенін атап өтті. Жиында облыстың Құрметті азаматтары Жандар Кәрібаев, Саттар Жанәбілов, Еркінбек Солтыбаев, Нәрен Сейдуалиев, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемал Беспаев сөз сейлеп, Арғынбайдың азаматтығы мен парасаттылығын кеңінен қозғады. Көпшілік Арғынбай Бекбосынның сөзіне жазылған Дүйсенәлі Бықыбаевтың әні «Мэлстің соңғы әнін» тыңдады.

Ақын Үміт Битенова Арағамен қоштасу сәтінде шығарған өлеңін көпшілікке тебірене оқып берді. Содан кейін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб-имамы Ғалымбек Жәпек қаламгердің рухына құран бағыштады.

Жиынды Амангелді Кәрентаев қорытындылап, алдағы уақытта Арағаға арналған екінші кітап жарық көретінін, жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, Байзақ ауданында өзінің ықпалымен салынған орта мектепке

есімін беру көзделіп отырғанын айтты.

 

Досалы Е. Қаламгерді еске алды [Мәтін] / Е.Досалы // Ақ жол.- 2018. – 19 маусым (№70).-6 б.

Comments

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру