Тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық

 

Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мерзімді басылымдар секторының меңгерушісі А.Баймағамбетова мен М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А.Бегимбаеваның ұйымдастырумен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан-татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен кеш өткізілді.

         Кітапханашылар кеш қонақтарын Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесімен құттықтап, түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекенде                     20 жылдық тарихы бар Қазақстан халқы Ассамблеясының қарқынды дамып, елеулі өзгерісті басынан кешіргенін, бүгінде ешбір елде болмаған ерекше саяси құрылым екенін балаларға насихаттап, еліміздегі бірлік пен келісімнің бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы екенін көрсететін балалар шығармашылығы көпшілік назарына ұсынылды. Жас оқырмандар достық туралы өлеңдер оқып, түрлі ұлттардың өнерлерін, тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін айшықтап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ «Тілегіміз – татулық, тірегіміз – тұрақтылық» кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

Кәсіподақ Жаршысы.-2015.-15 мамыр (№9).-2 б.