ЕРЛІГІ ЕЛГЕ ӨНЕГЕ, ЕР БАУЫЖАН!

 

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында кітапханашы Анар Дүйсенова мен «Мейірім» мектеп-интернатының кітапханашысы Карима Мажиттің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына арналған Ұлы Отан соғысы қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлына арналып «Ерлігі елге өнеге, ер Бауыржан» тақырында әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке «Мейірім» мектеп-интернатының 6-сынып оқушылары қатысты.

Кітапханашы Анар Дүйсенова аты аңызға айналған жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы, соғыстағы ерліктері, шығармашылық табыстары туралы баяндады. Одан кейін жас оқырмандар Бауыржан туралы көрген кинолары мен оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті. Кеш соңында «Ерлікке тағзым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

//Ғұмырдария.-2015.-7 мамыр (№09). -2 б