Өнегелі кеш өтті

 

Алғыс айту күніне орай Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе «Ризашылық пен алғыс» өнегелік кешін өткізді.

 

Кешке мүмкіндігі шектеулі 20 азамат қатысып, көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мереке жайында кеңірек ақпарат алып, адамдар арасындағы жақсы қарым қатынастың берік сақталуы қажеттігіне қанықты. Сондай-ақ аталмыш тақырыпта кітапханадағы рухани байлық беретін көрнекті қазақ жазушыларының шығармалары насихатталды.

Шара барысында қатысушылар кітапханаға саяхат жасап кітапхананың жұмысымен танысты. Кітапханада қойылған «Достық пен береке», «Арман қала – Астана», «Рухани жаңғыру – болашаққа жарқын жол!», «Ризашылық пен алғыс» тұрақты кітап көрмелеріне библиографиялық шолу жасалды. Ал шараға келген қонақтар да құр алақан келмей, өз өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан кеште қонақтардың көңілі серпіліп, Елбасының саясатына әрдайым қолдау білдіретіндігін айтып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, қонақтар үшін арнайы мерекелік дастархан жайылып, әлеуметтік сала қызметкерлері мен кітапхана ұжымы зейнеткерлерге зор алғыстарын білдірді.

 

Бекетқызы Т. Өнегелі кеш өтті [Мәтін] / Т. Бекетқызы // Жамбыл-Тараз.- 2018.- 7 наурыз (№19-20).-13 б.