Әлем әдебиетінің жауһарлары

(Жуалы ауданы)

 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатындағы «Туған жер» жобасының, «Туған жер - туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына кіші бағдарламасының облыстық реестріне енген «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы өтті. Карнавалды кітапханашы Күләш Таубалдиева жүргізді.

 

Кешті балалар кітапханасының меңгерушісі Нұржанат Нұрманалиева ашты.

Кітап карнавалы «Кітап оқыңыз» өлеңімен басталды.

Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия мен №1 мектеп-гимназияның 7-8 сынып оқушылары «100 кітап» жобасына балалар кітапханасынан енген сегіз кітапты, атап айтқанда, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер», Артур Шопенгауэрдің «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым», Мағжан Жұмабаевтың «Таңдамалы шығармалары», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер», Иван Тургеновтың «Әкелер мен балалар», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабы туралы және кітаптардың авторларының өмір жолы жайлы баяндады.

№1 Балалар өнер мектебінің театр сыныбының шәкірттері Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» кітабының желісімен «Бұғы ана» аңыз туралы көрініс қойды. Көріністе ойнаған С.Сейфуллин атындағы ОМ мен Д.Қонаев атындағы МГ және №1 мектеп-гимназияның шәкірттері Нұрмахан Ниязбекұлы, Рамазан Тұрмаханбет, Әділбек Нұрдәулет Мадияр Әбілдабек, Айман Нұранқызы, Нұран Шолпан, Дилдара Хавбассова, Нұргүл Жарылқасымова, Элмира Далжанбек өз рөлдерін тамаша ойнап шықты. Алдағы уақытта осы көрініс сәуір айында өтетін облыстық шарада қайта қойылатын болады.

Кітап карнавалын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Күнімкүл Қошаева қорытындылады.

 

Шымыртайқызы П. Әлем әдебиетінің жауһарлары [Мәтін] / П.Шымыртайқызы // Жаңа өмір.-2018.-6 ақпан (№10).-4 б.