«100 кітап» жобасы аясында

(Жамбыл ауданы)

 

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы өтті.

Кеш ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерінен кұралған әдеби композициямен ашылып, таңдамалы шығармалары және өмір жолымен таныстырудан басталды. Кітап карнавалы барысында «100 кітап» жобасына енген әдебиеттер таныстырылып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары насихатталды.

Іс-шара барысында жиналған қауымның назарына ақын шығармаларынан кітап шеруі ұсынылды. С.Торайғыровтың «Зарландым» әңгімесінен сахналанған көрініс, «Қамар сұлу» романының кейіпкерлері Ахмет пен Қамарды сомдаған оқырмандардың өнері көп көңілінен шықты. Кеш барысында кітапхана оқырмандар Құрманғазының күйлерін орындады. «Ұлт рухын оятқан ақын» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Кітапханашылар «Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғаудың теңдессіз қаруы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.

Кітап карнавалына Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры Дәметкен Бегманова, мектеп окушылары мен ұстаздары қатысты.

 

Ситалиева К. «100 кітап» жобасы аясында [Мәтін] / К.Ситалиева // Шұғыла-Радуга.-2018.-3 ақпан (№10).- 3 б.