Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлттың ұлы қаламгері» атты С.Торайғыровтың шығармаларына арналған оқырмандар конференциясы өткізілді. Оған №23 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапханашылары қатысты.

 

Шара барысында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы оқырмандарға кеңінен таныстырылып, №23 мектептің жоғары санатты мұғалімі, Бақыткүл Керімбаева баяндама оқыды. Сондай-ақ, облыстық, республикалық олимпиадалар мен көркем сөз оқуларының жүлдегерлері Нұрдана Бердібекова «Қамар сұлу» романына шолу жасаса, Венера Есмұратова, Бибінұр Лес, Аружан Асхатқызы, Гүлім Абилдаимова ақынның шығармаларынан өлеңдер оқыды. Шара соңында хронологиялық тәртіппен қойылған «Бір ел – бір кітап» көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Жанар Тәттімбетова, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері.

 

Тәттімбетова Ж. «Ұлттың ұлы қаламгері» [Мәтін] / Ж.Тәттімбетова. // Ақ жол. – 2017.-4 қараша (№125).-6 б.