«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын іске асыру мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы отбасының жарасымдығына, үйлесімдігіне, ауызбіршілігіне байланысты әртүрлі саладағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар қойылып, оқырмандарға библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/index.php/ru/?start=288#sigProGalleria4d2a76a8be
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары – Нұрақбаев Ринат Даниярұлы Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына «Қоғамдық сананы жаңғырту: Тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» ; «Рухани жаңғыру» қағидаттары бойынша Танымдық және дамыту кітабы; «Ертегілер жинағы»; «Баланы еңбексүйгіштікке қалай баулимыз!» атты кітаптарын сыйға тартты.
http://jobjk.kz/index.php/ru/?start=288#sigProGalleriafb26a96c34
"Есірткі" деген ұғымды түсіндіріп, зияны туралы түсінік қалыптастыра отырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және зиянды әдеттерден алыс жүруге тәрбиелеу мақсатында Төле би атындағы № 8 гимназиясының оқушыларымен «Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама» тэйбл ток ұйымдастырылды.
Іс-шарада есірткі ұғымы туралы толық мәлімет берілді.
«Есірткіге жол жоқ» атты көрме жасалып, оқырмандарға жақыннан таныстырылды.
http://jobjk.kz/index.php/ru/?start=288#sigProGalleria56ef902b93
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында ұлт ұстазы, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты «Кітап – ғажайып әлемі» тақырыбында информина өткізілді.
Шара барысында оқырмандарға кітаптың шығу тарихы, ең алғашқы кітаптар, «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихы, әр жылдардағы түрлі ақын-жазушыларымыздың оқылған кітаптары, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мәліметтер беріліп, оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
Оқырмандар оқу-білім, кітапқа қатысты мақалдардың жалғасын тауып, кітапхана қызметкерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға өздерінің ұтымды жауаптарын берді.
Іс-шара соңында «Кітап–ғажайып әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
http://jobjk.kz/index.php/ru/?start=288#sigProGalleriab7a6e0c686