Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы №353 қаулысымен бекітілді.

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТТАР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

Ж А Р Ғ Ы СЫ

 


 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

 

ЖАРҒЫСЫ

1.Жалпы ережелері.

1.«Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық балалар мен  жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мекеме) фунцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқытық нысанында қүұрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық

3.Мемлекеттік мекеме 1996 жылғы 18 желтоқсанда «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет департаментінің» №60 бұйрығымен құрылды және Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына  қарасты мекемелердің  атауларын өзгерту туралы» №353 қаулысымен қайта тіркелді.

4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және меншік иесі  Жамбыл облысы әкімдігі болып табылады.

5.Уәкілетті орган - Жамбыл облысы әкімдігі, уәкілетті органы «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» болып табылады.

6.Мекеменің атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық балалар мен  жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

7.Мемлекеттік Мекеменің тұрған жері: 080000,  Қазақстан Республикасы,   Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Д.А. Қонаев көшесі, 4 үй.

 

2.Мемлекеттік мекеменің заңдылық мәртебесі

8.Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

9.Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

10.Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

11.Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.

12.Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмлелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3.Мемлекеттік мекеменің қызметінің мәні мен мақсаттары

 

13.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

- халыққа кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру,

- кітапхананың кітап қорын толықтыру мен қорды сақтауды қамтамасыз ету,

- оқырмандардың және мекемелер мен ұйымдардың кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру,

- аудандық балалар кітапханаларына анықтамалық-ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету,

- өлкетану, кітапханатану мен библиографиятану саласы бойынша ғылыми-ізденіс қызметі;

 

14.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты - жинақталған білім, кітап және басқа да ақпарат ұстанушы ретінде адамзат зердесін сақтау, оқушылар, студенттер, жұмысшы жастар арасында білім тарату, балалар мен жасөспірімдерге кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету, балалар мен жасөспірімдердің рухани және мәдени қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, мәдени – ағарту қызметі, оқырмандардың қызығушылығын дамытуға, жасөспірімдердің әлеуметтік үйренуіне, кәсіптік бейімделуіне қалыптасу, оқу мәдениетіне тәрбиелеу.

 

15.Мемлекеттік мекеме өз мақсатына жету үшін келесі қызмет түрлерін іске асырады:

       1) кітапхана қорын құрады және құрылымдық бөлімшелердің қорын мерзімді басылымдарға жазылу, сатып алу, өз еліміздегі және шет елдердегі кітапханалардан кітапалмасу арқылы сонымен қатар ғылыми мекемелерден, баспалардан және т.б. мекемелер мен жеке адамдардан сыйлыққа алу және де қолданыстағы заңнама шеңберінен аспаған жағдайда осы бағыттар бойынша кітап қорын толықтырады.

       2) кітапханалық қызметті мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне ұсынады және стационарлық және стационардан тыс кітапхана жүйесін дамытады.

       3) құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

      4) кітапханааралық абонементті дамытады, жүйе бойынша алмасуды, документтерді жеткізу және кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды қамтамасыз етеді.

        5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, стандарттар мен техникалық шарттарға байланысты кітап қорын сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етеді.

6) кітапхана пайдаланушыларына (азаматтарға, мекемелерге, ұйымдарға) кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес тегін қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

7) заңды және жеке тұлғаларға мына төмендегі оның негізгі қызметіне жатпайтын ақылы қызмет түрлерін ұсынады:

- тасымалдағыштың барлық түрінен, форматтарынан, стандарттарынан көшірмелер дайындау және оны өңдеу;

- мүмкіндігі шектеулі азаматтарға материалдар дайындап беру;

- синтетикалық-аналитикалық құжаттарды өңдеу және қосымша библиографиясымен орындау;

- мекемелерге барып көрмелік-ақпараттық іс-шаралар өткізіп беру;

- байланыс операторымен келісім шарт жасасу арқылы Интернет желісін ұсыну;

- тақырыптық ақпараттар құрастыру және іздеу, құжаттарды электронды түрде жеткізу;

- экскурсиялық қызмет түрін өткізу, суретке түсіру және видеотүсірілім;

кітапхана шығарған құралдарды мен әдістемелік-оқыту әдебиеттерін өткізіп, сату;

8) өз қызметін ҚР және шетел кітапханаларымен үйлестіреді;

9) кітапхана пайдаланушыларының әр сала бойынша мәдениет, бизнес, туризм білімін кеңейту мен арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта оқулар мен іс-шараларды өткізу арқылы көмектеседі;

16.Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарына немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәмле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17.Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4.Мемлекеттік мекемені басқару

18.Мемлекеттік мекеменін құрылтайшысы- Жамбыл облысының әкімдігі болып табылады.Жалпы басқаруды уәкілетті органы - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жүзеге асырады.

19.Құрылтайшы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

6) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

7) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Уәкілетті орган- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады :

1) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

2) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;

3) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;

4) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

5) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;

20.Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасындағы көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және босатылады.

21.Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекемеге жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

22.Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

23.Мемлекеттік мекемеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24.Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.

25.Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

26.Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, мемлекеттік кітапханалар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.

27.Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.

28.Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.

29.Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

 6.    МЕКЕМЕНІҢ ӘКІМШІЛІГІ МЕН ОНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР.

30.Құрылтайшы Мекемеге катысты меншік иесінің функцияларын орындайды, Жарғыны бекітеді, оған езгерістер мен толыктырулар енгізеді, Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім шығарады.

31.Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы Мекеменің басшысын, оның орынбасарларын бекітеді және оларды лауазымынан босатады, Мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуын кадағалайды, есептер мен Мекемемен табыс етілген ұсыныстарды қабылдайды, нормативтерді бекітеді.

32.Мекеме жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру, өмірі мен денсаулығын, еңбек жағдайын жақсарту.

33.Мекеменің еңбек ақы төлеу қорының көлемін жыл сайын мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы аныктайды.

34.Еңбек ақы төлеу нысаны, штаттық кесте, қызметтік төлемдер көлемі, сыйлық беру жэне өзге марапаттау жүйесі Мекемемен орнатылган еңбекке ақы төлеу қоры шегінде дербес анықталады.

35.Мекеме басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің қызметтік төлемдерінің көлемі, оларта сыйлық тагайындау және өзге марапаттау жүйесі мемлекеттік басқарудың уәкілетті органымен аныкталады.

36.Мекеме мен еңбеқ ұжымының арасындағы қарым-қатынас еңбек шартымен, ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларымен реттеледі.

 

7. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

37.Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

8. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

38.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының  шешімі бойынша жүзеге асырылады.

39.Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

9. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және

тарату шарттары

 

40.Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер

кітапханасы»коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің директоры Ысқақ Мейрамкүл Елеукенқызы     ____________