детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 60 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1006065
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
131
2487
7684
8471
23553
982433
1006065
Ваш IP: 44.198.57.9
Время на сервере: 29-03-2024 09:49:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Біз ақпарат беттеріндеміз

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

 

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ақбұлым ауылдық кітапханасы бірлесіп, «Мұқағали – қазақ поэзиясының Хантәңірі» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізді. Оған ауылдағы Б.Беспаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Іс-шараны Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова ашып, Мұқағали жырларының тереңдігіне тоқталды. Бұдан соң Б.Беспаев атындағы орта мектеп мұғалімдері Айнұр Кәрімбаева, Рабиға Сырғабаева сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

Әдеби-сазды кеш ақынның өлеңіне жазылған «Саржайлауым» әнімен аяқталып, Ақбұлым ауылының тұрғындары кітапханаға «Туған жер» атты ескерткіш-нобайын сыйға тартты. Бұл күні қазақ поэзиясының алдаспаны Мұқағали Мақатаевтың отты жырлары оқылды. Залға жиналғандар ғасыр ақынының ғаламат өлеңдерінен ерекше әсер алғаны анық. Соңынан көпшілік «Ақиық ақын – Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесін тамашалады.

 

Әбдірайымова Ә. Қазақ поэзиясының Хантәңірі [Мәтін] / Ә. Әбдірайымова // Ақ жол.- 2018.-10 ақпан (№17).- 8 б.

Comments

Мәңгілік ғұмыр марғасқасын жырға қосты

 

Қазақ поэзиясының алыбы, өмірі өлең, өлеңі өмірге арналған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеби сазды кеш өтті.

 

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Ақбұлым ауылдық кітапханасымен бірлесіп өткізген шарада ақын шығармашылығына шолу жасалды. «Қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» тақырыбында өткен кешке Ақбұлым ауылдық Баймырза Беспаев атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушылары мен мектеп ұстазы Айнұр Каримбаева және әйелдер қоғамының төрайымы Рабиға Сырғабаева қатысты. Қара өлеңді кие тұтқан ақынның жырлары кішкентай оқырмандардың жүрегін тербеді. Әдеби шарада ақынның «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың» атты әндері орындалды. Сондай-ақ Ақбұлым ауылының тұрғындары атынан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» макетін кітапханаға сыйға тартты. Ақынның маржан поэзиясы, мұрасы келешек ұрпақтың еншісі екенін ескеріп жас оқырмандарға «Ақиық ақын – Мұқағали» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Баймағанбетова А. Мәңгілік ғұмыр марғасқасын жырға қосты [Мәтін] / А.Баймағанбетова // Жамбыл-Тараз.- 2018.-09 ақпан (№12).-7 б.

Comments

Алтынбек салған саздар қандай!

 

Биыл күллі қазақ даласын әсем әндерімен тербеген, саз әлеміне өзіндік орны бар, өнер қайраткері, жерлесіміз Алтынбек Қоразбаев жеті белден асып, 70 жасқа жетіп отыр. Ол елімізге Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серік, Алма Аманжолова сынды ән әлемінің тарландарын тәрбиелеп, томағасын сыпырып, сыйлағанымен ерекше.

Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері атағын иеленген өнер иесінің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Ән-жырым саған, таған жер!» деген тақырыпта өнер кеші өтті. Айтулы шараға Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 және Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияларының оқушы-оқырмандары қатысты.

Аталған өнер думаны №33 мектептің музыка пәнінің мұғалімі Жамбыл Баймахановтың баянның сүйемелдеуімен орындалған Алтынбек Қоразбаевтың «Ақ дегелек» әнімен басталды. Көрермендердің құлақ құрышын қандыра орындаған әнінен кейін, өнерпаз ұстаз меркілік әйгілі сазгердің шығармашылығына кеңінен тоқталды. Алтекеңнің сыршыл жүрегінен туған «Сырғалым», «Қайт, қазақ еліңе», «Қара шал», «Қара кемпір», «Қара бала», «Қара пима» әндерінің қалай туғандығы туралы қызықты деректер айтып берді. Кеш барысында жас өнерпаз Әли Нұржан қоңыр домбырасымен күмбірлете күй тартты.

Облыстық филормония әртісі, «Ән жырым саған, туған жер!» атты республикалық байқаудың жеңімпазы Жанна Асанқұлованың арнайы қонақ болып қатысуы бұл кештің көркін аша түсті. Ол композитордың «Елге сәлем», «Қазақстаным» әндерін мәніне келтіре орындады.

Кештің жүргізушісі Маржан Төрежанова Алтынбек Қоразбаевтың елге танымал шәкірттері жайында айтып берді.

Шара соңында «Халық композиторы – Алтынбек» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 

Алтынбек салған саздар қандай! [Мәтін]:  «Ғұмыр-дария»-Ақпарат. // Ғұмырдария.-2018.-8 ақпан (№3).-5 б.

Comments

Әлем әдебиетінің жауһарлары

(Жуалы ауданы)

 

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар бөлімінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатындағы «Туған жер» жобасының, «Туған жер - туған ел» базалық бағытының «Рухани қазына кіші бағдарламасының облыстық реестріне енген «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы өтті. Карнавалды кітапханашы Күләш Таубалдиева жүргізді.

 

Кешті балалар кітапханасының меңгерушісі Нұржанат Нұрманалиева ашты.

Кітап карнавалы «Кітап оқыңыз» өлеңімен басталды.

Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия мен №1 мектеп-гимназияның 7-8 сынып оқушылары «100 кітап» жобасына балалар кітапханасынан енген сегіз кітапты, атап айтқанда, Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер», Артур Шопенгауэрдің «Әлем дегеніміз – ерік пен ұғым», Мағжан Жұмабаевтың «Таңдамалы шығармалары», Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме», Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер», Иван Тургеновтың «Әкелер мен балалар», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» кітабы туралы және кітаптардың авторларының өмір жолы жайлы баяндады.

№1 Балалар өнер мектебінің театр сыныбының шәкірттері Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» кітабының желісімен «Бұғы ана» аңыз туралы көрініс қойды. Көріністе ойнаған С.Сейфуллин атындағы ОМ мен Д.Қонаев атындағы МГ және №1 мектеп-гимназияның шәкірттері Нұрмахан Ниязбекұлы, Рамазан Тұрмаханбет, Әділбек Нұрдәулет Мадияр Әбілдабек, Айман Нұранқызы, Нұран Шолпан, Дилдара Хавбассова, Нұргүл Жарылқасымова, Элмира Далжанбек өз рөлдерін тамаша ойнап шықты. Алдағы уақытта осы көрініс сәуір айында өтетін облыстық шарада қайта қойылатын болады.

Кітап карнавалын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Күнімкүл Қошаева қорытындылады.

 

Шымыртайқызы П. Әлем әдебиетінің жауһарлары [Мәтін] / П.Шымыртайқызы // Жаңа өмір.-2018.-6 ақпан (№10).-4 б.

Comments

«100 кітап» жобасы аясында

(Жамбыл ауданы)

 

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Б.Момышұлы атындағы орта мектептің акт залында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша «100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің жауһарлары» атты кітап карнавалы өтті.

Кеш ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерінен кұралған әдеби композициямен ашылып, таңдамалы шығармалары және өмір жолымен таныстырудан басталды. Кітап карнавалы барысында «100 кітап» жобасына енген әдебиеттер таныстырылып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары насихатталды.

Іс-шара барысында жиналған қауымның назарына ақын шығармаларынан кітап шеруі ұсынылды. С.Торайғыровтың «Зарландым» әңгімесінен сахналанған көрініс, «Қамар сұлу» романының кейіпкерлері Ахмет пен Қамарды сомдаған оқырмандардың өнері көп көңілінен шықты. Кеш барысында кітапхана оқырмандар Құрманғазының күйлерін орындады. «Ұлт рухын оятқан ақын» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Comments

Толығырақ...

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру