детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021238
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
154
239
1047
4859
10981
982512
1021238
Ваш IP: 18.222.184.162
Время на сервере: 19-04-2024 20:44:44

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының
«Мен өлкемді зерттеймін!»
V-ші жеткіншектер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2016 жылы қазан айында «Мен өлкемді зерттеймін!» ІV -ші жеткіншектер байқауын өткізеді. Байқау «Менің өлкемнің табиғаты» тақырыбына арналады. Жамбыл облысының табиғатын зерттеу,  рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен жасалмақ. Жас ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарым-қатынасын, сол арқылы өміргедеген көзқарасын ояту, соған сай мінез-құлқын қалыптастыру – міндетіміз. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған даналығы –«көкті жұлма», «шөпті таптама» - табиғат көріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Яғни өлкеміздің өзен- көлдері мен орман- таулары т.б. табиғаты туралы  мәліметтер жинақтау.

 

  1. 1.       Жалпы ережелер

 

 Жалпы ережелер Тараз қаласы мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мен өлкемді зерттеймін» атты байқайдың «Менің өлкемнің табиғаты» атты тақырыбы бойынша байқаудың дәрежесін, мақсатын, міндеттерін және байқаудың өткізілу тәртібін анықтайды.

 Байқау 25 қазан- Республика күніне орай ұйымдастырылып, өткізіледі.

 Байқаудың ұйымдастырушысы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы

 

  1. 2.       Байқаудың мақсаты мен міндеті:

 

-          Өлкеміздің  табиғаты мен географиясын оқып, игеруге балалар мен жасөспірімдердің

қызығушылығын арттыру;
       -      Балалардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
       -      Жастардың  жаңа технологияларға сауаттылығын арттыру;
       -      Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту;

-          Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, дамыту;

 

3. Байқаудың ережесі:


               Зерттеу жұмыстары 2016 жылдың 1 масымнан бастап 1 қазанға дейін (5 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданады. Жұмыстарды: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үйге, немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштаcына жіберуге болады.

                Байқауға 13 пен 21 жас аралығындағы жас зерттеушілер қатыса алады.
               Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды.
               Зерттеу жұмыстарын қорғау 2016 жылдың қазан  айында  облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханада өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)

                Жұмысты қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады.

                Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.

 

  1. 3.       Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:

 

Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарды қамтуы тиіс:

«Жері байдың- елі бай»

«Туған жер – алтын бесік»

«Ауа – өмір тынысың»

«Судың да сұрауы бар»

«Табиғаттың жұмбақ сырлары көп»

Жұмыстар слайд-шоу, бейне-презентация, көрініс түрінде, А 4 форматындағы қағазда, шрифт 14 Times New Roman ұсынылады. Сайысқа PowerPoit, Makromedia flash, Windows Movie Maker және Microsoft Word т.б. программаларда орындалған жұмыстар қабылданады. Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.

 

 

  1. 4.       Байкау материалы келесі белгілер бойынша бағаланады:

 

- Мазмұнның байқау тақырыбына сай болуы;

- Ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы көркемделу ерекшелігі;

- Презентация дизайнының деңгейі;

- Тақырыптың жан-жақты ашылуы;

- Бірегейлігі мен ерекшелігі;

 

6. Байқауды қортындылау:

 

 Қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталады:

*  «Жұмыстың ең үздік презентациясы үшін»

*  «Ең жас зерттеуші»

*  «Ең үздік зертеуші»

Байқаудың қортындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.

Байқау қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттау қарастырылған.

Диплом мен грамоталар 2016 жылдың қазан айында табысталады.

Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстар кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар, сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде, www.Jobjk.kz cайтында жарияланады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үй, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, тел.факс: 8(7262)437506, 438748,458844, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды пошта. 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру