детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1005938
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
4
2487
7557
8471
23426
982433
1005938
Ваш IP: 3.87.209.162
Время на сервере: 29-03-2024 01:56:43

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Мен өлкемді зерттеймін!»

 

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Мен өлкемді зерттеймін!» І-ші жеткіншектер байқауының  ЕРЕЖЕСІ

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен облыстық

балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 2012 жылы сәуір айында «Мен өлкемді зерттеймін!» І-ші жеткіншектер байқауын өткізеді.

Байқау «Туған өлкем-тұнған шежіре» тақырыбына арналады.

 

  1. 1.      Байқаудың  мақсаты мен міндеті:
    - Өлкеміздің  тарихын, географиясын, мәдениетін оқып, игеруге

  балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын арттыру;
- Балалардың шығармашылық ойларын жүзеге асыруға  

  мүмкіндік беру;

- Жастардың  жаңа технологияларға сауаттылығын арттыру;
-  Кітапханаға жаңа оқырмандар тарту.

 

     2. Байқаудың ережесі:
       Зерттеу жұмыстары 2012 жылдың 1 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін (1 ай көлемінде) облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қабылданады. Жұмыстарды: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үйге, немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript   электронды поштаcына жіберуге болады. Байқауға 13 пен 21 жас аралығындағы жас зерттеушілер  қатыса алады.

               - Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және  

           ол жұмыс қайтарылмайды.

              - Зерттеу жұмыстарын қорғау 2012 жылдың мамыр

           айында  облыстық балалар мен жасөспірімдер  кітапханада

           өткізіледі. (қосымша ақпараттар хабарланады)

             -  Жұмысты  қорғау уақыты - 10 минут. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде тақырып таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс,  зерттеудің жүргізілуіне ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, мәселенің терең талқылануы, сұрақтарға берілген жауаптар қаралады. Жеңімпаздарды тарихшы, кітапханашы, және суретші-дизайнер мамандарынан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.

 

3. Жұмыстардың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:

Байқауға қатысушылар келесі тақырыптарды қамтуы тиіс:

-          Тарих;

-          Табиғат;

-          Өлкеміздегі қалалар мен ауылдар;

-          Ерекше адамдар өмірі;

-          Әдебиет;

-          Мәдениет;

Жұмыстар слайд-шоу, бейне-презентация, көркніс түрінде ұсынылады.Сайысқа PowerPoit6 Makromedia flash6 Windows Movie Maker және т.б. программаларда орындалған жұмыстар қабылданады.

Сайыс жұмысы дискіде ұсынылады.

 

4. Байкау материалы келесі белгілер бойынша бағаланады:

- Мазмұнның бақау тақырыбына сай болуы;

- Ұсынылатын материалдың жаңа технология арқылы

   көркемделу ерекшелігі;

- Презентация дизайнының деңгейі;

- Тақырыптың жан-жақты ашылуы;

 

5. Байқауды қортындылау:

      Қатысушылар төмендегі номинациялармен марапатталады:

      «Шығармашылық ізденіс!;

      «Жұмыстың не жобаның ең жақсы презентациясы үшін»;

      «Ең жас зерттеуші»;

      Байқаудың қортындысы бойынша әр номинацияға байланысты үш дипломант анықталады.

      Байқау қатысушыларын мақтау қағазымен марапаттау қарастырылған.

      Диплом мен грамоталар 2012 жылдың мамыр айында табысталады.

      Сайыс өткізілген соң сайыстың тапсырылған жұмыстар кітапханада қалдырылады, үздік жұмыстар, сайыс туралы ақпараттар жергілікті БАҚ беттерінде жарияланады.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қонаев көшесі, №4 үй, облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, тел.факс: 8(7262)437506, 438748,458844. 

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру