детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 14 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

0876635
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
127
6113
6969
1134
10551
859169
876635
Ваш IP: 54.165.57.161
Время на сервере: 29-11-2021 11:04:59

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Д.А. Қонаев

Zhambyl175

Бір ел-бір кітап

Тілдерді ауыстырғыш

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында облыстық байқау ұйымдастырылды.

2017ж – Ескен Елубаевтың, 2018ж – Сұлтан Қалиевтың, 2019 ж – Пернебай Дүйсенбиннің шығармашылықтары бойынша өткізілсе, 2021 ж - «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты – Әлдихан Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Байқауға жас ерекшеліктеріне қарай 8-12 жас аралығындағы аудандық іріктеу кезеңінде жолдама алған 10 оқырман қатысты.

Байқауға арнайы шақырылған қонақтар – Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары – Мадиева Сара Қабылбекқызы, сатирик-ақын, Әлімқұл Бақытжан Советұлы, жас ақын-жазушы Шапағат Әбдір, мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс шараларды өткізетін облыстық орталығының педагог-ұйымдастырушысы Қасымова Жібек Жұмабековна төрелік етті.

⠀ Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені – Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Ешназар Гүлдария, І орынды Сарысу ауданы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Сеңгірбай Мұқағали, ІІ орынды –Т.Рысқұлов ауданы «Қорағатты шағын орталықты» орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жорабек Айшуақ, ал ІІІ орын – Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Еркін Аружан иеленді.

Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1391-lemdi-kitap-ar-yly-tanimyn-2021#sigProGalleria4eb3a3ebf5
joomlamodniyportal.ru

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы

Жолдау 2021

umamisf hublot replica watches