детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 28 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021171
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
87
239
980
4859
10914
982512
1021171
Ваш IP: 18.119.111.9
Время на сервере: 19-04-2024 11:55:47

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» Б.Момышұлы атындағы «Даңқ» залына саяхат «Рухани жаңғыру» бағдарламасының - «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Кеңес одағының батыры, жазушы, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскері, қолбасшы - Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай «Даңқ» залының Бауыржантану орталығында оқырмандарға арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты экскурсия ұйымдастырылды. Оқырамандарды отаншылдыққа, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, болашаққа деген сенімі мен ой-өрісін дамыту, елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсаты көзделді.

«Данқ» залының бірінші қабаты-Ұлы Отан соғысы жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Онда 1000 шаршы метрге барлығы 1 миллион 500 мыңнан астам фото шежірелер топтастырылған. Залдың бірінші бөлігінде орналасқан 1941, 1942, 1943, 1944-45 жылдарға арналған қабырғалардағы суреттер сол кезеңдегі соғыс көріністерін еріксіз көз алдыңа алып келеді. 1941-жылға арналған қабырғада «Барбороса» жоспарының картасы, Мәскеу үшін шайқасының, генерал-майор И.Панфиловтың, «Отан ана», Б.Момышұлының, Н.Белошевтің және басқа да барлығы 100-ден астам фотосуреттер мен 200-ден аса құжаттар қойылған. Нысанның екінші қабатында-«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан.

Орталықта Б.Момышұлының балалық шағынан кемеңгерлік жасына дейінгі өмірін бейнелейтін музей және көркемсурет бұрышы құрылған. Онда негізінен майдангер-қаламгердің шығармашылық-тұлғалық болмысын айшықтауға басымдық берілген. Орталық ішінде Бауыржан Момышұлының шығармашылығына арналған кітапханалық бұрыш пен жиын өткізуге арналған конференция залы жасақталған. Экскурсияға барлығы - 12 оқырман, 5 кітапхана қызметкерлері қатысты.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру