детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021295
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
47
164
1104
4859
11038
982512
1021295
Ваш IP: 18.117.196.184
Время на сервере: 20-04-2024 08:47:52

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Біз біргеміз бәріміз» жобасының аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмек беріп, жаңа оқулықтармен таныстырды

Аталмыш жоба бірнеше жылдан бері тұрақты түрде іске асырылып келеді. Биыл да 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінен бастау алған игі шара «Бала деген бір бақыт» тақырыбында өз жалғасын тапты. Шара аясында кітапханашылар мұқтаж жандардың үйлеріне барып, тұлға болып қалыптасуына ықпал етуге септігін тигізетін сыйлықтар таратты.

Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері мүмкіндіктері шектеулі оқырмандармен бірге ән салып, көңілдерін көтерді.  Сондай- ақ балаларға жас ерекшелігіне қарай «Төрт түлік», «Ертегім менің, ертегім», «Ертегілер әлемінде», «Менің сүйікті ертегілерім», «Күл қыз», «Арыстан мен патша», «Әжемнің ертегілері», «Әріптермен танысу», «Өнегелі ертегілер» т.б. жаңа кітаптар ұсынылды. Мекеме басшысы Г.Инкарбекованың айтуынша, бұл жоба бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандардың ортаға бейімделіп, жаңа дүниелермен танысуларына, сол арқылы өздерін дамытуларына айтарлықтай көмек беріп отыр.

Кітапхана мамандары бұл бағыттағы жұмысты жыл соңына дейін жүргізуді жоспарлауда.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1296-2020bizbirgemiz#sigProGalleriaed89d5c819
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру