детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 27 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022465
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
97
140
237
2037
12208
982512
1022465
Ваш IP: 18.222.125.171
Время на сервере: 23-04-2024 11:46:42

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Кітапхана және жастар: үміт, тілек, арман»

«Кітапхана - 2019» квест-шоу

 

30 қазан күні Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана және жастар: үміт, тілек, арман» «Кітапхана - 2019» квест-шоуы өтті. Мақсаты – оқырмандарды еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге, ана тілін, туған елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу; жастарға кітап арқылы ойлау, армандау көкжиегін дамыту; ғылым мен білімге деген қызығушылықтарын ояту; ел үмітін ақтар жас кәсіпкерлерді, ақын-жазушыларды, әр саланың жас мамандарын таныту; кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар жастардың бос уақыттарын мазмұнды өткізуге жаңашылдық іздеу.

         Кітапхана 2012 жылдан бері кітапхана түні мерекесін дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы кітап түні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, Жамбыл облысының 80 жылдығы және «2019 жыл - Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды. Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарамасының «Мәдениет және өнер» бөлімінің бас маманы Ж.Н.Құттыбаеваның құттықтау сөзімен ашылып, қазіргі заманғы технологиялар, өзекті трендтер мен жаңа көзқарастар таратуға және білім алуға арналған кітапхананың 4 алаңында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кітапхана алдындағы алаңда «Туған жерге деген сүйіспеншілікпен» музыкалық квест өту барысында «Сувенир» ансамбльнің жанды дауысты музыкалық сүйуемелдеуімен Сарымолдаев атындағы балалар үйінің жас тәрбиеленушілері мен кітапхананың тұрақты оқырмандары ән айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Әр түрлі номинациялар бойынша алғыс хатпен марапатталды.

Кітапхананың дәлізінде «Сүйікті қалама тарту» жас суретшілердің жұмыстарынан жасақталған арт-көрмеде қылқалам шеберлері «Туған жерім» тақыбында түрлі қол өнер техникалары қолданылған суреттерін ұсынды.

Білім орталығында өңіріміздің жас кәсіпкерлер мен әр саланың жас мамандарының қатысуымен «Жастар идеясы–болашақтың кепілі» ток-шоуы өткізілді. Құрметті қонақтар арасында Жуалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әбдібайытов Ермек, Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылының жас кәсіпкері Пернешов Еламан, «Ажур» шығармашылық студиясының жетекшісі Махмадулоева Дилафруз, және Абай атындағы  Жамбыл гуманитарлық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Оразбек Әсел шақырылды. Әр саланың мамандары өздерінің жетістіктеріне жеткен жолдарымен, мамандықтарының қыр-сырларымен бөлісті. Ток-шоу барысында еркін әңгімелесіп, түрлі ойындар ойнатылды. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», - дегендей, қонақтар кітапхана ұжымына алғыстарын білдіріп, жастарды армандауға, мақсат койып, еңбек етуге жігерлендірді. Кездесу соңында қонақтар мен жастар сыйлықтармен марапатталды.

Оқу залында жас ақын-жазушылар мен жастар орталығының басшылары қатысуымен «Ұранды елдің ұрпағы – қайсар жастар» кітапханалық библиосейшн өткізілді. Кездесуге ТарМУ-дың жастар ұйымының төрағасы Айбек Қадыралиев бастаған жас ақын білімгері мен ТИГУ «Білім» факультетінің 2-курс білімгері, болашақ суретші Бақпан Дарын, ТАРПУ «Музыка» факультетінің 1-курс білімгері Пармен Жансерік, ТарМУ білімгері, ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының 1-орын иегері Асан Нұржан мен жас ақын Кемелбек Әсел қатысты.

Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан білімгер жастарды №29 мектептің 11 - сынып оқушысы Ахметов Бейбарыстың орындауындағы тамаша әуенмен қарсы алынып, қатысушыларға арт-көрме ұсынылды. «Қар шиыршықтары», «Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» ойын-тренингтері арқылы әрбіріміз әртүрлі адамдармыз, жан дүниемізде әртүрлі, біздің жүріп өтер өмір жолымызда әртүрлі болмақ ұғымы тұжырымдалып, бойдағы жағымсыз қасиеттерден арылу жолдары ұсынылды. Шара «Әдебиеттің алып бәйтерегі» танымдық ойынымен жалғасты. Жастар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. «Сергіту сәтінде» кітаппен орындалатын түрлі жаттығу тапсырмаларын әсем әуен ырғағымен орындады. «Қазақстан жастары – білімді, жан-жақты әрі дарынды» бөлімінде жас ақындар, суретшілер, музыканттармен бірге сұхбат жүргізілді.

Оқуды қолдау, кітапқа деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ жаңа форматтағы бос уақыт өткізу формаларын ұсынуға бағытталған квест-шоуда кітапхана шығармашылық-демалыс аумағына айналды. Шараға қатысушылар тағылымды шарадан қызықты мәліметтерге қанығып, кітапхана ісіндегі жаңа бағыттармен танысты.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.JPG

Кликните, чтобы открыть изображение!

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру