детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 13 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1004715
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
1268
2859
6334
8471
22203
982433
1004715
Ваш IP: 35.175.172.94
Время на сервере: 28-03-2024 13:04:15

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Әлемді кітап арқылы танимын»

 ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін

 «Султан Қалиев оқулары»

 атты облыстық байқауы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының қолауымен Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті балалар жазушысы, ақын Султан Қалиевтің туғанына – 75 жыл толуына орай «Әлемді кітап арқылы танимын» ең көп оқитын оқырмандар арасында «Султан Қалиев оқулары» атты облыстық байқауы өткізілді. Кітапхана ұжымы ауылдан, ауданнан іріктеліп алынған балаларды қарсы алып, жазушының шығармашылығынан жасалған «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесін ұсынды.

 

Байқауға шақырылған қонақтар Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарманың орынбасары Сембина Зүбайра Жарқынқызы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик жазушы Әлімқұлов Бақытжан Советұлы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы және жазушы, журналист, ақын Демешев Құрмаңғазы Мыңжасарұлы төрелік етті.

Сонымен қатар Сұлтан Қалиев ағамыздың інілері Айдаров Жарқынбек Мейірманқұлұлы мен Есенаманов Кәрібай Қалиұлы және қарындасы Мейірманқұлова Тұрғанай қонақ болып келді.

Байқау жас ерекшеліктеріне қарай 2 топтан тұрды. Байқауға кітапхананың оқырманы болып табылатын 7 мен 10 жасқа дейінгі және 10 мен 15 жас аралығындағы оқырмандар қатысты.

Байқау 4-кезеңнен құралып:

1.«Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы (3 мин).

2.«Султан Қалиев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» С.Қалиевтің өлеңін жатқа оқу немесе әңгімелерінен сахналық қойылым қою (3 мин).

3.«Портрет галереясы» 1-ші топ үшін – ертегі кейіпкерді, ал 2-ші топ үшін – тарихи ескерткішті табу (3 мин).

4.«Әдеби бәйге» Султан Қалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру.

Байқауды ұйымдастырушылар мен сарапшылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздар анықталып, қатысушылар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 7-10 жас аралығындағы қатысушылардың арасынан І-орын - Талас ауданы Бейбіт Алина, ІІ-орын - Меркі ауданы Бақытжан Диас, ал ІІІ орынды - Сарысулық Мәжіт Медина мен Жамбыл ауданы Разбай Инсан бөліп алды. 10-15 жас аралығындағы І-орын - Жуалы ауданы Кари Меруерт, ІІ орын – Жамбыл ауданы Алипчеева Махаббат пен Байзақ ауданы Мырзакулова Венера,  ал ІІІ орын - Шу ауданы Сатыбалдиева Минуара жеңіп алды. Қалған қатысушалар алғыс хатпен марапатталып, естелікке жұбаныш сыйлықтарды алды.

Кликните, чтобы увеличить изображение 001.JPG

Кликните, чтобы открыть изображение!

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру