детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 35 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023010
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
297
182
782
2037
12753
982512
1023010
Ваш IP: 3.138.204.208
Время на сервере: 25-04-2024 04:30:32

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Ана тілің арың бұл»

Дөңгелек үстел

 

Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке, ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы екенін ұғындыру мақсатында тілдерді дамыту орталығының маманымен кітапхана қызметкерлері және тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Ана тілің – арың бұл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Іс-шарада Қазақстан халықтары тілдері күніне орай ақпараттар берілді. Тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Жақсыбекова Ақбота мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы туралы түсінік беріп, оны қадірлеуге шақырды. Келген қонаққа қызметкерлер тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Сонымен қатар сыйластық пен татулықта өмір сүріп жатқан көп ұлтты халқымыздың кемел келешегі де сөз болды. Арнайы жасалған «Ана тілім – айбыным» тақырыбындағы слайд арқылы тіл туралы мақал-мәтелдер, өлең жолдары және тіл үшін жанын, малын құрбан еткен көптеген ақын, жазушыларымыздың, дара тұлғаларымыздың айтылған тамаша туындылары көрсетілді.

Іс-шара соңында «Тіл – ел байлығы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1194-ana-tili-ary-b-l-d-gelek-stel#sigProGalleriaecc67aaecc
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру