детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1022545
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
14
163
317
2037
12288
982512
1022545
Ваш IP: 18.188.61.223
Время на сервере: 24-04-2024 03:01:39

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Біздің жаз көңілді: әндетеміз, ойнаймыз!» ойын-сауық бағдарламасы

 

«Бар жақсылық – балаларға!» Бұл ұран сонау Кеңес кезеңінің ұраны болса да, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Бұл ұранның әлі кунге дейін мәнін жоймағандығын, келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде біздің ең басты ұранымыз болып қала беретіндігін, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы айғақтайды.

 

         Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру, балалардың денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне, ойын ойнау барысында достық, сыйластық, құрмет сияқты т.б. қасиеттерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Біздің жаз көңілді: әндетеміз, ойнаймыз!» ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Іс-шараға қала тұрындары мен балалар қатысты.

Бүлдіршіндерді қуыршақ, сайқымазақ ертегі кейіпкерлері қарсы алып, ертегілер елінен келген қонақтар балаларға түрлі тақырыптарда сұрақтар қойып, қызықты ойындар ойнатты. Балалар өлеңдер оқып, ән салды.

Сайқымазақ қатысқан барлық балғын балаларды мейрамдарымен құттықтап, шаттық көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік іс-шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталып, тәттілер таратылды. Шара соңында кітапханашы «Балдырғаным, гүл еркем» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеде балалардың қызығушылығын тудыратын қазақ және шетел ертегілері мен танымдық энциклопедиялар ұсынылды.

Іс-шараға 65 оқырман қатысып, кітап көрмесіне 55 кітап қойылып, 23 оқырман кітапханаға жаңадан тіркелді.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру