детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021236
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
152
239
1045
4859
10979
982512
1021236
Ваш IP: 3.15.190.144
Время на сервере: 19-04-2024 19:23:46

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Ұлтының рухани ұстазы»

Д. А. Қонаев апталығы

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 106 жыл толуына орай «Ұлтының рухани ұстазы», тақырыбында 08-12 қаңтар аралығында апталық өткізілді. Апталыққа Тараз қаласындағы шағын мөлтек аудандардарында құрылған «Арай», «Балауса», «Жас балғын» аула клубтарының мүшелері, қала мектептерінің оқушыларымен кітапханының тұрақты оқырмандары қатысты.

Апталық барысында Д.А.Қонаевтың өмірі мен халқына көрсеткен қажырлы еңбектері жайында ақпарат беріліп, «Ұлтының Ұлы тұлғасы» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Оқырмандар Д.А.Қонаев туралы өз білгендерін айтып, өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ, «Ұлы тұлға» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Оқырмандар Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесіне экскурсия жасап, ондағы қоғам қайраткерінің сақталған құжаттары, фото және видеоматериалдары, әр алуан портреттері, өзінің қолданған заттары: қаламдар, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөніндегі альбомдар, көптеген куәліктер, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар және экспонаттарымен таныстырды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1122-ltyny-rukhani-stazy-d-a-onaev-aptaly-y#sigProGalleria537d15d268
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру