детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1021316
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
68
164
1125
4859
11059
982512
1021316
Ваш IP: 3.142.173.227
Время на сервере: 20-04-2024 12:45:11

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

«Тәуелсіздік таңы» тақырыптық кеш

 

Желтоқсан оқиғасы арқылы бабаларымыздың армандаған егемендігіне жеткендігімізді, тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқырмандарға жете ұғындыру; оқырмандардың дүниетанымын кеңейту; Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік таңы» тақырыптық кеші өтті.

Іс-шараға кітапхана оқырмандары және №54, 34 орта мектептің оқушылары қатысты.

Іс-шара аясында оқырмандар тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін оқып, «Желтоқсан желі» әнін орындады. «Қайраттың ақтық сөзі» атты көрініс қойылып, желтоқсан қаһарманы Қ.Рысқұлбековтің қайсар да, батыр келбетін көрсетіп, оның соңғы сөзін көрермендерге шынайы жеткізген №34 орта мектептің оқушысы Қанебаев Самат болды.

«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!»-деген тілекпен іс-шара аяқталды. Кітапхана қорынан алынған әдебиеттерден «Тәуелсіздік тірегім» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптар қойылған. Олар – еліміздің мемлекет болып нығаюы кезеңімен, еліміздің тарихымен, Қазақстан халықтарының мәдениетімен тығыз байланысты кітаптар. Көрменің негізгі идеясы – қазақ мемлекетінің сан ғасыр бойы қалыптасу тарихындағы уақыт пен ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Аталған көрмеде еліміздің кешегі мен бүгінгі жарқын келбеті салыстырмалы түрде көркем фотосуреттермен берілген.

            Кітап көрмесіне: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан [Мәтін]. – Алматы: Балауса, 2009.-184б., Адырбек К. Тәуелсіздікке талпыныс [Мәтін]: Публицистикалық мақалалар / К.Адырбек – Алматы: Айғаным, 2016. - 380 б., Тәуелсіздік. Демократия. Гуманизм [Мәтін] / 2-ая книга.– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011.–392 с. т.б. кітаптар қойылды.

Посмотрите вложенную галерею изображения онлайн в:
http://jobjk.kz/index.php/kz/neg/homepage-4/79-zha-aly-tar/1112-16dek2017vecherkz#sigProGalleria6e311f73f4
joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру