детско - юношеская библиотека

Жамбылская областная

Сайтта кім бар

Қазір 69 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

1023183
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В Этом месяце
В прошлом месяце
Всего
470
182
955
2037
12926
982512
1023183
Ваш IP: 3.145.178.240
Время на сервере: 25-04-2024 17:37:34

Д.А. Қонаев

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

Бір ел-бір кітап

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасында: «Патриотизм кіндік қаны тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады делінген. Аталған бағдарламаны жас ұрпаққа насихаттау, оны жүзеге асыру, жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеп, өзіміздің өлкеден шыққан ақын-жазушылар мен олардың шығармаларын насихаттау мақсатында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясындағы "100 кітап" жобасы бойынша "Көркемсөз жұлдыздары" атты кездесу кеші өткізілді.

 

      Кешке ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өнер қайраткері – Демешев Құрманғазы Мыңжасарұлы мен журналист, сатирик ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Әлімқұлов Бақытжан Советұлы, "Білім" кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері және қала мектептерінің орта буын оқушылары қатысты.

      Кеш барысында қонақтар кітапхана оқырмандарына өздерінің өмір жолы мен шығармашылығы және қызметтері туралы айтып, өздерінің шығармаларын оқыды. Екі курстас – Бақытжан Советұлы мен Құрманғазы Демешев өздерінің студенттік шақтағы қызықтарымен бөлісіп, бір-біріне достық әзілі жарасқан арнау өлеңдерін оқыса, кітапхана оқырмандары екі ақынның өрнекті өлеңдерін жарыса айтты.

      Кеште Құрманғазы Демешев қазақтың қара домбырасымен курстас досы Бақытжан Әлімқұловтың әкесі ақын Совет Әлімқұловтың сөзіне жазылған "Көктөбе" атты әнді сызылта шырқады.

      Қ.Демешевтің сөзіне жазылған "Жанымда жүр", "Туған ел" атты әндерді шырқаған облыстық филармонияның әншісі Жанна Асанқұлова оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

      Кеш соңында сатирик ақын Бақытжан Советұлы кітапхана қорына өзінің "Бұл - мен ғой", "Мен де бірдеңе дейінші" және әкесі Совет Әлімқұловтың "Көзмоншақ" атты кітаптарын сыйға тартты.

      Іс-шараға байланысты «Көркемсөз жұлдыздары» атты кітап көрмесі жасақталды.  Көрмеге Советұлы Б. Бұл – мен ғой: сықақ, әзіл әңгімелер, қалжыңдар [Мәтін]/ Б.Советұлы.  Алматы: Palitra-Press., Советұлы Б. Мен де бірдеңе дейінші [Мәтін]/ Б.Советұлы. -  Алматы: Информ-А, 2004. - 96 б., Демеш Қ. Аюдың түсі: ертегілер [Мәтін] / Қ.Демеш. - Тараз: Салық тәртібі, 2002. - 76 б., Пірманұлы С., Демеш Қ. Театр – өнер жүрегі [Мәтін] / С.Пірманұлы, Қ.Демеш. - Тараз: Сенім, 2006. - 96 б., Өмір.Театр.Уақыт [Мәтін] / Қ.Демешев, С.Пірманұлы. - Тараз: Сенім, 2007. - 96 б., Әлімқұлов С. Ұмытып кетпе мені [Мәтін]                                / С.Әлімқұлов. - Алматы: 2013 кітаптары қойылды.

 

Тиімділігі: Іс-шараға 50 оқырман қатысып, қолға 5 кітап беріліп, кітапханаға жаңадан 16 оқырман тіркелді.

joomlamodniyportal.ru

Тілдерді ауыстырғыш

Біз Интернетта:

Рухани жаңғыру