Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің білімгерлері, жетекшілері, кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен 5 қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл құдіреті» ашық микрофон (ашық трибуна) өткізілді.
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар біз. Біздің міндет еліміздің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуіміз керек - деп жастар ашық айта білді.
ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде – ұлт та жоқ. Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім “туған тілім” сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады.деген ұранды сөздерімен іс-шараға қатысқан білімгерлер ойларымен бөлісті.
Тіл мерекесіне арналып жасақталған кітап көрмеге 36 кітап койылып, библиографиялық шолу жасалды. 23 оқырман қатысып 9 оқырман кітапханаға тіркелді.
http://jobjk.kz/index.php/kz/?start=476#sigProGalleria57e16f6b9f
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ҚР рәміздерін қастерлеу, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын насихаттау, жастарды елжанды етіп тәрбиелеуге, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық «Жас тілші» және «Драма студия» үйірмелерінің оқырмандарымен «Білгірлер сайысы» ұйымдастырылды.
Сайыс үш кезеңнен тұрды:
- "Кім жылдам" топ басшылары бір минутта 10 сұраққа жауап беру;
- "Жұмбақтың шешуін табу"
- "Сен білесің бе?" Ұяшықтағы сұраққа жауап беру;
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
- Кликните, чтобы открыть изображение! Кликните, чтобы открыть изображение!
Оқырмандар үш кезеңнен де сүрінбей өтіп, өздерінің білімдерін көрсетті. Іс шара барысында «Ата-заңым ардағым» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Қыран мен Сұңқар тобы Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздін абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін!- деп өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
http://jobjk.kz/index.php/kz/?start=476#sigProGalleria00ab82070d
Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы және «2021 жыл – Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» аясында 5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Үш тұғырлы тіл» әдеби лото ұйымдастырылды.
Іс-шара Облыстық Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті. Әдеби лото барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, бес кезеңінен білімдерін сынады. Бірінші кезеңде сұрақ-жауап, танымал шығармалардың авторларын тауып, екінші кезеңінде тілге байланысты мақал-мәтелдерді аяқтап, үшінші кезеңінде жасырылған жұмбақтың жауабын үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) айтты. Қатысушылар берілген әріптерден бірнеше сөз құрастырып, "домино " ойынымен аяқтады.
Облыстық Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.
http://jobjk.kz/index.php/kz/?start=476#sigProGalleria978162beb7
Білім күні – жас жүректердің дүрсілі. Бұл күні кішкентай бүлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаса, оқушылар бір жылға есейетін күн.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауымы үшін білімге талпынған қадам екендігін түсіндіру мақсатында оқырмандарымыздың қатысуымен «Алақай, мен мектепке барамын!» іс – шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш іс – шара барысында оқырмандар «Кім жылдам» сұрақ-жауап ойынына қатысып бақтарын сынады. Сонымен қатар, «Адасқан әріптер», мақал – мәтелдердің жалғасын табу және мозайкаларды құрастырып, іс – шараға белсене қатысты. Іс – шара соңында білім күніне арналған кітап көрмесімен танысып, жақсы көңіл – күймен тарқасты.
http://jobjk.kz/index.php/kz/?start=476#sigProGalleria6c6b88e8d6